ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЫНДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК ФЕНОМЕНІ

Том 82 № 2 (2023), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 82 № 2 (2023)
2023-07-09

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада қазақ философиясы өкілдерінің көзқарастары мысалында әділеттілік феноменіне тарихи-философиялық талдау жүргізіледі. Зертеу кезеңін таңдау кездейсоқ емес - ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басы, орыс билігінің қазақ халқының тұрмысына, мәдениетіне, поэзиясына жан-жақты әсері басталған уақыт аралығы. Ғылыми жұмыстың мақсаты - әдебиет тарихында ғана емес, XIX-XX ғасырлар тоғысындағы қазақ философиялық ойының тарихында да лайықты орын алатын қазақ ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығындағы әділеттілік пен бостандық философиялық идеяларының даму ерекшеліктерін қарастыру. «Әділет», «бостандық» және «сенім» сияқты философиялық феномендерге ерекше мән беріле отырылып, бұл ғылыми зерттеу қазақ философиясының қолданыстағы теория тұрғысынан жаңа тұжырымдармен толықтырады. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы оның қазақ философиясы саласында маманданған ғалымдар мен зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық тудыратындығымен, сондай-ақ қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті әлеуметтік сұраныстары мен трендтеріне жауап беретіндігімен айқындалады.

Түйін сөздер: әділеттілік, идея, бостандық, феномен, тарих, қазақтар, философия, проблема, ақиқат, мәдениет.