ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН

ОРТА АЗИЯДА ЖӘДИДТЕРДІҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

Том 82 № 2 (2023), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН
Том 82 № 2 (2023)
2023-07-11

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада ағартушылық үдерісінде бетбұрыс орын алған жәдидшілердің ұлттық баспасөз қызметі қарастырылып, Орталық Азия халықтарының ұлттық санасын арттырудағы баспа мәдениеті мен баспасөздің рөлі талданады. Сонымен қатар жәдидшілдіктің саяси қозғалысы зерттеліп, жәдидшілдік тек мәдени-саяси қозғалыс ретінде ғана емес, сонымен бірге кеңестік билікке қарсы тұрған діни-мәдени және отаршылдыққа қарсы қозғалыс ретінде қалыптастасуы туралы тұжырым жасалады. Бұл зерттеуде жәдидшілер халықты ағартушылық, реформалау және ұлттық баспасөз арқылы оятпағанда, тәуелсіздік пен ұлттық бірегейлікке қол жеткізе алмас еді деген көзқарастарына негіздемелер жасалады. Бұл жұмыста жәдидшілдік кеңестік режимге қарсы реакциялық қозғалыс ретінде пайда болғандығы, тәуелсіздікке білім мен ұлттық сана арқылы жетуге болатындығы тілге тиек етіледі. Зерттеу барысында жәдидшілердің баспасөз қызметі және саяси-азаттық қозғалыс арқылы халықты ағартудағы елеулі қызметтері зерделенеді.

Түйін сөздер: жәдидшілдік, баспасөз, ұлтшылдық, полиграфия, тәуелсіздік, ислам, мұсылман