ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ПРИНЦИПЫ ЖИЗНИ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ РАННЕГО АСКЕТИЗМА (НА ОСНОВЕ ДАННЫХ ИСТОЧНИКОВ)

Том 75 № 3 (2021), ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Аңдатпа

Ерте аскетизм өкілдерінің өмірі жеткілікті терең зерттелген жоқ. Мақала авторы бүкіл мұсылман әлемінде киелілікпен танымал болған сопылардың өмір принциптерін жариялау міндетін қойған. Мәселе агиографиялық еңбектермен қиссалар қолжазбалардағы деректер негізінде қарастырылы. Зерттелген дереккөздер қатарына әулиелер өмірі еңгізілген «Қисса-и Ибраһим ибн Әдһам», әңгімелер жинақтарының қолжазбалары, сондай-ақ XV–XVI ғасырларда жүзеге асырылған Фарид ад-дин ʻАттарнің «Тазкирату-л-аулие’» еңбегінің түркі тіліне аудармалары тартылды. «Тазкирату-л-аулие’»ның Низам ад-дин ʻӘли Шир Нава’и аудармасының ташкенттік қолжазба тізіміндегі мәліметтерге сүйене отырып, ерте аскетизм өкілдерінің бірі болып табылатын Ибраһим ибн Әдһамның қайтыс болған жері мен күні туралы болжам жасалды. Аталған дереккөздерден басқа, зерттеу шеңберіне басқа да агиографиялық шығармалар енгізілді. Зерттелген дереккөздер ерте аскетизм өкілдерінің өмір сүру принциптерін және олардың тұлға болып жетілүіне ықпал еткен Һәққты іздеудегі жолын анықтауға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: агиографиялық шығармалар, қолжазба, сопылық, өмірбаяны, рухани мұра, мұсылман әлемі.