САЯСИ ҒЫЛЫМ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА

ВАЖНОСТЬ МОДЕЛИ СОЦИАЛЬНОГО ГОСУДАРСТВА В СОЗДАНИИ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБЩЕСТВА

Том 75 № 3 (2021), САЯСИ ҒЫЛЫМ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада неолиберал капитализмнің әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуге және инклюзивті қоғам құруға кедергі келтіретін ерекшеліктеріне сыни талдау жасалады, олардың қатарында, әсіресе өтпелі экономикасы бар көптеген елдерде енгізілген білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін коммерцияландыру мен коммодификациялау («тауарға айналдыру») және әлеуметтік саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту мен тоқтатуды атап өтуге болады. Мақалада әлеуметтік мемлекеттің мысалы ретінде скандинавиялық әлеуметтік мемлекет моделі қысқаша талданады. Бұл моделде «қамқорлық» ұғымы орталық идея болып табылады. Сондай-ақ, мақалада эгалитарлы философияға негізделген және оқушыға бағытталған, «оқушының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін» скандинавиялық білім беру моделінің ерекшеліктері қарастырылады. Әлеуметтік мемлекеттің скандинавиялық моделі, неолибералдық капитализм принциптеріне сәйкес құрылатын және инклюзивті қоғам құруға әкелмейтін экономикалық және әлеуметтік модельге тиімді балама бола алады.
Түйін сөздер: инклюзивті қоғам, әлеуметтік әділдік, скандинавиялық модель,қамқорлық