ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ДІНИ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ ТӘЖІРИБЕСІ

Том 75 № 3 (2021), ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Авторлар

Аңдатпа

Ғылыми-зерттеу жұмысының авторлары діни және зайырлы құндылықтарды қалыптастырудағы мемлекеттік саясаттың рөліне кешенді талдау жасайды. Қазақстанның Түркияның діни-конфессиялық саясатынан алар үлгісін әртүрлі дәлелдер арқылы айқындайды. Мақалада Қазақстан мен Түркиядағы діни азшылық топтар мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар түрік мемлекеті мен билігінің қоғамдық ұйымдармен әріптестігін жүзеге асыру жолдары талданып, жағымды нәтиже көрсеткен шешімдерді қазақстандық тәжірибеде қолдануға ұсыныстар жасалды.

Түйін сөздер: діни құндылықтар, зайырлы құндылықтар, Қазақстан, Түркия, діни-конфессиялық саясат, ислам.