ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

THE PROBLEM OF IGNORANCE IN THE PHILOSOPHY OF AL-FARABI

Том 75 № 3 (2021), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Авторлар

Аңдатпа

Әл-Фараби өз жұмысының едәуір бөлігін әлеуметтік-этикалық мәселелерді дамытуға арнады. Мақала әл-Фараби мұрасындағы «надандық» ұғымының мазмұнын ашуға тырысады. Бұл мәселені шешудегі қажеттілік Фараби философиясында білім мен надандықтың, адамдардың бір-біріне және қоршаған әлемге деген қатынасындағы дұрыс және бұрыс жақтарын қарастыруымен байланысты. Надандық ұғымы әртүрлі аспектілерде ойшыл шығармашылығында басты орын алады және оның әлеуметтік жобасының ауқымы мен ерекшеліктерін белгілейді деп асыра сілтемей айтуға болады. Әл-Фарабидің түсіндірмесіндегі надандық ұғымы, ең алдымен, ізгілікке қарама-қарсықоя отырып, оны тек білім, ілім ғана емес, сонымен қатар өмірге, оның құндылықтары мен мақсаттарына деген дұрыс емес көзқарас. Бұл дұрыс емес көзқарас дұрыс емес әрекеттерді, бұрмаланған моральды, және шынайы адамзат концепциясына сәйкес келмейтін, қоғамдық қатынастарды тудырады.

Түйін сөздер: әл-Фараби, этика, философия, мәдениет, қоғам, адамзат, діни себептер,надандық.