ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ҰРПАҚ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК

Том 75 № 3 (2021), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Аңдатпа

Бұл мақалада ұрпақ уақытының Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы құндылықтық өзгерістердің позитивті аспектісінің орнына сындық бағалау бағыты қарастырылды. Атап айтқанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ қоғамында құндылықтық ваккумның түзілуі салдарынан адамдардың мінез-құлығында рухани, материалдық салалардағы бағдарсыздықтың орын алғаны қарастырылды. Бұл бағдарсыздық адамдардың діни сенімінде адасуымен бірге экономикалық шарттардың күрделігінен өзінің болмысынан адасқан, кейде жоғалған ұрпақтың пайда болуы, жұмысшы күшінің саяси фактор ретінде әлсіреп, заттық болмыстың өз мәнділігін жоғалтуы зерттелді. Сонымен бірге атеистік қоғамның адамның дүниетанымына әсері, бір ұлттың бойындағы көпдінділік факторы, қазақ халқының бір күндік мүддемен өмір сүру арқылы мемлекет құраушы ұлт ретінде мәдени кеңістікті иелене алмай отырғаны жазылды. Ұрпақ уақытының азаматтардың саяси еркіндігімен байланыстылығы және бұл еркіндіктің мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілдігі екендігі көрсетілді. Мақалада философтар Г.Гегель, К.Маркс, М.Фуко, Ж.Абдильдин, Ғ.Есім, Б.Колумбаев, Хур Синан Өзбек, Ш.Айтматовтың көзқарастары берілді.

Кілт сөздер: ұрпақ уақыты, бір ұлттың бойындағы көпдінділік, рухани құндылықтардағы бағдарсыздық, жатсыну, өзі үшін болмыс, футурология, күмән.