ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ДАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Том 75 № 3 (2021), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша ойлау мен тілдің қатынасы мәдени жүйелерді қалыптастырған әрі өзара үндестік заңдылықтарын реттейтін ұлттық-мәдени дүниетанымның негізі қаланғандығы айтылады. Ұлттық танымның негізі болып табылатын мәдениеттің қалыптасуы және түлеу мен тоқырауға ұрынған тұсын байыпты зерделеу бүгінде қажет болып отыр. Дәстүрлі түркілік дүниетаным – исламнан бұрынғы тарихи, мәдени қабаттардағы тілдік, ділдік және ойлау құндылықтарының жиынтық болмысын исламмен біріктіре қарастырудың маңыздылығы ерекше атап көрсетіледі. Жаңа дүниетанымдық бағытқа ие болып, моральдық сапаның жаңа сатысына көтерілген көшпелі түркі қоғамы осы кезде екі жақты үрдісті бастан кешкендігіне талдау жасалған.
Түйін сөздер: мәденинет, дін, тарих, құндылық, ұлттық руханият.