Университеттерді жаһандастыру және Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарын реформалау

Сания Жакеновна Еділбаева, Алия Тимерлановна Нығметова

Abstract


Мақалада жаһандастыру өзекті мәселелерiне, Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарын реформалауна талдау жасалған.Универсиеттер - білім берудің де, мәдениеттің де ошағы.

Соңғы кездергі талап - өскелең жаһандастыруға "бейімдеу" үшін универсиеттерді "модификациялау", яғни түрлендіру. Өзге университеттермен қауымдасу, білім берудің аймақтық және ұлттық жүйелері іс-әрекеттерін салыстыру университеттік білім беруге тән нәрсе. Бұл орайда оларды жаһандастыруға бейімдеу туралы талап универсиеттердің ішінара әмбебаптық аспектісіне: университеттердің басқару аппараттары мен саяси мақсаттарын ұлттық білім беру жүйелеріндегі экономикалық бәсекелестікке қабілеттілік талаптарына бейімдеумәселесіне қатысты.Сондықтан университетті жаһандастыру талабы ұлттық білім беру жүйесінің бәсекелестікке (экономикалық т.б.) қабілеттілігі аспектісінде университетке қойылатын талап та болып табылады.

Университеттің гумбольтық идеясы мен өскелең жаһандастыру бір-біріне қатыстылығы тұрғысынан нендей нәтиже береді деген сұрақтың жауабы  білім берудің ұлттық жүйесі қандай жағдайда бәсекеге қабілетті болады деген сауал жауабымен бірдей.

Қазіргі кезде қазақстандық университеттері әлемдік элиталы университеттер қызметімен салыстыруға болатындай жоғары деңгейде қызмет көрсете ала ма?

Дамыған елдерде ғылыми-техникалық ілімді генерациялау саласы бойынша ең жаңа тенденция университеттер рөлінің артуы болып отыр. Қазақстан университеттерінде білім беру ісінің мазмұны бойынша да, құрылымы бойынша да реформалар жүргізілуде. Республика көлемінде Болон процесінің талаптары жүзеге асырылып жатыр. Оқу мен зерттеуді интернационалдандыру жоғары оқу орындарын мазмұндық жағынан жетілдіру стимулы ретінде дамудың қажетті бағыты болып табылады.


Refbacks

  • There are currently no refbacks.