Қазақстан мәдениетінің әлемдік кеңістікке интеграциялану бағыттары

Галия Садыкова

Abstract


Қазіргі заманғы жаһандану кезеңiнде Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа экономикалық, саяси және мәдени ықпалдастығының артқандығы байқалатыны анық. Бұның көрсеткіші – Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің артуы, ұлтаралық, мемлекетаралық компаниялар мен одақтардың құрылуы, сондай-ақ мемлекетаралық мәдени алмасу.  Бұл жағдай, әрине, ықпалдастық үрдістерін мемлекеттік басқарудың тиімді механизмдерін құруымен қатар, отандық қоғамдық-саяси кеңістігінде кең ауқымды талқылауды қажет етеді. Сондықтан, мәдени ықпалдастықтың негiзiн, онымен байланысты үрдістерді дүйім жұрт қауымдастығының түсiнуi және қабылдауы туралы кешенді зерттеу мен сараптама жүргізу қажеттiлiгi туды. Осы орайда, «Қазақстан мәдениетінің әлемдік кеңістікке интеграциялану бағыттары»/«Векторы интеграции культуры Казахстана в мировое пространство» атты ғылыми-қолданбалы жобасы (ғылыми жетекшісі – Ғалия Теміртон) аясында жүргізілген ғылыми зерттеудің ерекшелігі – отандастарымыздың  және шетелдiктердiң Қазақстан мәдениетінің замануи ықпалдастыққа қатысуы мен  қабылдауын, оның үрдістерінен өту кезеңдеріне байланысты артықшылықтары мен кемшіліктерін, қауiптерін және де т.б. көрiнiстерiн қазіргі заманғы әлемдік тенденциялармен, әлеуметтік-мәдени құбылыстардың табиғатына сай талдауының орын алуы.


Refbacks

  • There are currently no refbacks.