ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ҮРДІСІНДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ҚАТЫСУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Гульнар Насимова

Abstract


Бүгінде әлемдегі көптеген елдердің басым көпшілігі өздерінің дамуында демократиялық жолды таңдағанымен, демократиялық дамудың басты көрсеткішінің бірі – саяси қатысу мәселесі жайлы ортақ ой зерттеушілер арасында да қалыптасып үлгірген жоқ. Саяси қатысудың қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық жаңғыртылуындағы атқаратын қызметі мен рөлі қандай деген сияқты түрлі сұрақтар туындауда.

Жастар - еліміздің басты қозғаушы күші болғандықтан, оларды мазалап жүрген мәселелерді шешу маңызды болып табылады. Сондықтан сауатты әрі тиімді мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру керек. Бұл тек мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын біржақты ғана әрекет болмау қажет, жастар өздеріне қолайлы жағдайды өздері қалыптастыру керек.

Жастар - бүгінде жаңғыртудың негізгі ресурсы. Оған қосымша себеп ретінде жастардың белгілі бір электоралды тәжірибе жинағанын айта кеткен дұрыс. Ал ұрпақ алмасуы демократиялық мемлекеттердегі әлеуметтік және саяси өзгерістердің басты қозғаушы күші. Сондықтан да, жастардың саяси қатысуы өте маңызды сипат алады. 


Refbacks

  • There are currently no refbacks.